Алматыда бірнеше ұрлық жасаған « дуэт» ұсталды

Алматыда бірнеше ұрлық жасаған « дуэт» ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Дүкендерге түсіп, ұрлық жасап жүрген баукеспелер құрықталды

Алматыда бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен екі ұры ұсталды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алмалы аудандық полиция басқармасы КПБ қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы елордалық пен 23 жастағы павлодарлық  ұстады. Сезіктілер бірнеше ұрлық жасады деп күдіктелуде.

Олар негізінен дүкендерге түсуді кәсіп қылған. Дүкендердің кіре беріс есігінің кілтін таңдап ашу арқылы ішіне кірген. Ұрылар неғұрлым құнды заттарды алып кетуге тырысқанмен, негізінен ақшаға басымдық берген.  23 қыркүйек күні олар Розыбакиев көшесінде орналасқан дүкендердің біріне  құлып кілтін таңдау арқылы ашып кіріп, 65 000 мың теңгені жымқырған.

«Ұсталғандардың тергеу алдындағы тексеру кезінде Алмалы ауданының аумағында осыған ұқсас ұрлықтың 7 эпизодына қатысы анықталды. Күдіктілер ұрлыққа қатысы бар екендігін жоққа шығармайды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Белгілі болғандай, С.есімді азамат бұған дейін де істі болып, осындай қылмысы үшін жазасын өтеген. Полиция “дуэттің” қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді. Қазір ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторында. Тәртіп сақшылары барлық қажетті тергеу амалдарын жүргізуде.