Алматылықтар қаржы пирамидасына жиі алданады екен

Алматылықтар қаржы пирамидасына жиі алданады екен
Сурет: Fingramota.kz

Мұнда былтырдан бері 12 қаржы пирамидасы анықталған.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің басшысы Өмірсерік Тәжмағанбетовтің айтуынша, қаржы пирамидасының басым бөлігі Алматыда анықталады, сәйкесінше қаржы алаяғы құрбанының саны көп екен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Басқарма басшысының сөзінше, Алматы қаржы орталығы болып отыр.

"Халықтың басым бөлігі Алматыда тұрады. Осыған байланысты қаржы пирамидасының ең көп таралғаны осы өңірде. Біз ең көп қылмыстық істерді Алматыда тіркейміз. 2022 және 2023 жылдарды алсақ, бұл жерде 12 қаржы пирамидасын анықтадық. Тиісінше, бұл аймақта зардап шеккендердің саны өте көп: 20 мыңнан астам адам", деді Өмірсерік Тәжмағанбетов.

Оның айтуынша, қаржы пирамидалары мен құрбандар саны бойынша Астана мен Қарағанды ​​облысы одан кейінгі орында.

"Бұлар да - жеті қаржы пирамидасы анықталған ірі аймақтар. Ақтөбе облысы - төрт қаржы пирамидасы, одан әрі кему ретімен - Шымкент, Қостанай облысы - үш қаржы пирамидасы. Қалған аймақтарда - екі немесе бір қаржы пирамидасы бар", деді Өмірсерік Тәжмағанбетов.