Алматыда автотұрақтан өрт шықты

Алматыда автотұрақтан өрт шықты
Сурет: Repost.uz

40 шаршы метр жер отқа оранған

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат 16:56 шамасында Бостандық ауданы Рысқұлбеков көшесі, 35 мекенжайында автотұрақ өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде, қараусыз қалған тұрақта құрғақ ағаштар, қоқыстар мен ескі автодөңгелектердің жанып жатқаны белгілі болды. Дереу өрт оқпандары бағытталып, автоцистерналар гидранттарға орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді»,- деп мәлім етті департаменттен.

Өрт сөндіру жұмыстарына 3 бірлік техника мен 13 маман жұмылдырылды. Өрт сағат 17: 28 кезінде  толығымен өшірілді.