Вакцина паспорты жарамды елдер тізімі жаңарды

Вакцина паспорты жарамды елдер тізімі жаңарды
Сурет:News.un.org

Бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланды

Қазақстанда вакцина паспорты жарамды елдердің тізімі жаңартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Еліміздің бас санитар дәрігері жариялаған қаулыда Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасының екпе төлқұжаттары Қазақстан аумағында жарамды екені айтылған.

«Осы қаулымен бірге құжаттардың үлгілеріне сәйкес, Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасы азаматтарының паспорттары/ сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - делінген құжатта.

Еске салсақ, бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысы бойынша вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелген нысандардың тізімі өзгертілген болатын.