Жалға берілетін үйге өтініш қабылдау басталды

Жалға берілетін үйге өтініш қабылдау басталды
Сурет: Еl-jurt.kz

Өтініштерді 15 қарашадан бастап 20 қарашаға дейін тапсыру керек.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының Akimat live бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өтінімдер www.almaty-jastary.info.сайтында қабылданады.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

         Жасы – 29 жасқа дейін;

         Алматыда соңғы екі жылдан кем емес тұрақты тіркелуі;

         Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан аумағында тұрғын үйінің болмауы;

         Соңғы 6 айда үміткерлердің ай сайынғы жалақысы 40 АЕК-тен жоғары болуы тиіс – 116 680 теңге.

Берілетін пәтерлер Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» жаңа ТК және Алатау ауданындағы «Мәдениет» ТК орналасқан. Жалпы саны – 1 050 бір бөлмелі пәтер. Жалға беру мерзімі – ұзарту құқығынсыз 5 жыл.

Қандай құжаттар тапсыру керек:

  1. Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш (өтінімді толтырған соң өзі құрылады);
  2. Берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;
  3. Білім туралы сканерленген құжаты (диплом, сертификаттар);
  4. Неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);
  5. Балалардың сканерленген туу туралы куәлігі (бар болса);
  6. Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
  7. Жұмыс орнынан сканерленген анықтама, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;
  8. Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;
  9. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары (бюджеттік ұйымда өтілді растау үшін еңбек кітапшаның сканерленген беттерін немесе өтілді растатын анықтаманы жүктеу керек болады);
  10. Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;
  11. Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).
  12. Соңғы 2 жыл аралығында Алматы қаласы аймағында тіркеу орны өзгенген жағдайда, көші-қон органнан 2-жылдық тіркеуді растайтын сканерленген құжат жүктеліну керек (Полицияның көші-қон басқармасы).