«Алматы – адалдық алаңы» жобасының аясында режиссер Бахтияр Базарбеков жастармен кездесті

«Алматы – адалдық алаңы» жобасының аясында режиссер Бахтияр Базарбеков жастармен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бахтияр Базарбеков жастармен өзекті мәселелерді талқыға салды

«Ізгілік елшісі» еріктілер қозғалысы қоғам қайраткері, режиссер Бахтияр Базарбековпен кездесті. Аталған шара «Алматы – адалдық алаңы» жобасының аясында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған онлайн форматта 150-ден астам еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері және оның біздің қоғам үшін қаншалықты маңызы бар екендігі талқыланды. Спикер сыбайлас жемқорлыққа жалпы қоғам тарапынан төзбеудің жағдайын жасау, шынайылық принциптерін ұғындыру, адалдық, бауырмалдыққа,  отансүйгіштікке тәрбиелеу тақырыптарын қозғады.

Сондай-ақ, режиссер шығармашылық және жемқорлыққа қатысты өзінің ойын айтты. Жастар тәрбиесіне мән берудің маңыздылығына тоқталды, өйткені, оның айтуынша, еліміздің болашағы жастардың қолында. 

Кездесуде алдағы уақытқа арналған жоспарлар да сөз болды. Режиссер мен волонтерлер арасындағы бірлесіп жұмыс істеу мәселесі де айтылды. Бұл жиынға қатысқандар түрлі әлеуметтік бейнероликтер мен басқа да жобаларды құру үшін бірлесіп жұмыс атқаруға келісті.