Алматыда автобустардың қозғалысына өзгеріс енгізілді

Алматыда автобустардың қозғалысына өзгеріс енгізілді
Сурет: Ашық дереккөз

Жеңіл атлетика чемпионатының өткізілуіне байланысты 29 наурыз күні кейбір қоғамдық көліктердің маршруттарына уақытша өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, мына автобустардың қозғалысы өзгереді:

№ 105 - Оңтүстік бағытта - Момышұлы к-сі – Аднан Мендерес к-сі (Универсиадная к-сі) - Момышұлы к-сіне параллель орналасқан көшеге оңға қарай бұрылып  – «Атлетикалық ауыл ТК» аялдамасына барғаннан кейін кері қарай бұрылып (шығыс) – Аднан Мендерес к-сі - Момышұлы к-сі – әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№ 19 – Батыс бағытта – Аднан Мендерес к-сі (Универсиадная к-сі) - Момышұлы к-сіне параллель орналасқан көшеге солға қарай бұрылып  – Нұркент соңғы аялдамасына қарай бағыттайды, әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№ 201 - Оңтүстік бағытта - Момышұлы к-сі – Аднан Мендерес к-сі (Универсиадная к-сі) - Момышұлы к-сіне параллель орналасқан көшеге солға қарай бұрылып – «№209 мектеп-гимназиясы» соңғы аялдамасына қарай бағыттайды,  әрі қарай схема бойынша, кері  бағытта – өөзгеріссіз.