Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Еgemen.kz

Бұл тізімде Ақтөбе, Атырау қалалары да бар.

«Қазгидромет» РМК еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

21 шілдеде Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.