Алматыда жоспарланған антитеррорлық оқытулар өткізіледі

Алматыда жоспарланған антитеррорлық оқытулар өткізіледі
Сурет: Almaty.tv

Оқытудың мақсаты - адамдар көп шоғырланған жерлерде террористік қауіп-қатер туындаған кезде өзара әрекеттесу дағдыларын машықтандыру.

16 шілде күні Алматының Бостандық ауданында, Орбита-3 шағынауданының 5 ғимараты, N145 жалпы білім беретін мектепте сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес жоспарланған антитеррорлық оқытулар өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандар осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқытуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырды. 

«Білім беру міндеттері терроризмге осал нысандардағы терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, оқыту кезінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Расталмаған ақпаратты немесе фото және видео кескіндерді жариялаудан аулақ болуларыңызды сұраймыз.  Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әдейі жалған ақпарат тарату ҚР ҚК-нің 274 бабына сәйкес заңмен қудаланатынын еске саламыз», – делінген Алматы қаласының терроризмге қарсы жедел штабының хабарламасында. 

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескеру қажет.