Алматыда антитеррорлық іс-шара режимі тоқтатылды

Алматыда антитеррорлық іс-шара режимі тоқтатылды
Сурет: Dknews.kz

Лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылады.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб Алматыдағы жағдайдың тұрақтанғаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қала аумағында қабылданған қаулыға сәйкес, 2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап лаңкестікке қарсы антитеррорлық іс-шара режимі тоқтатылып, лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылады», - делінген ІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сол уақыттан бастап лаңкестік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленеді.

Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда.

Террорлық қауіптің қазіргі деңгейінде құқық қорғау органдарына қару-жарақ пен жарылғыш заттарды анықтау мақсатында көлік құралдарын тінтуге рұқсат етілген.

«Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытып, олардың заңды талаптарын бұлжытпай орындауыңызды сұраймыз», - делінген ІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.