Алматыда алаяқты арнайы жасақ құрықтады

Алматыда алаяқты арнайы жасақ құрықтады
Сурет: ашық дереккөз
Алматы қалалық ПД Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетсек, алдында әлеуметтік желіде ұстау операциясының видеосы жарияланған болатын.

"Алматы қалалық полиция департаменті Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен 1971 жылы туған Ч. есімді азаматты ұстағанын хабарлайды"

Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті Наурызбай аудандық ПБ-ға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.