Алматыда алаяққа алданған зейнеткердің ақшасын полиция қайтарып берді

Алматыда алаяққа алданған зейнеткердің ақшасын полиция қайтарып берді
Сурет: Polisia.kz

Бір жарым сағаттан соң полицейлер күдіктіні ұстаған.

Күдікті Алматы қаласы Алмалы ауданының 70 жастағы тұрғынын алдап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Түн ортасында оның пәтерінде телефон шырылдаған.

«Үй телефонына қоңырау шалды. Қатты жылады. Дауысы менің үлкен қызымның даусына ұқсас болды. "Мен жүкті әйелмен ЖКО-ға ұшырадым, ол реанимацияда жатыр. Баласынан айырылды. Мен өтуге рұқсат етілмеген жерден өттім, ол мені қағып кетпеу үшін бұрылды". Осындай сөздерді естідім. Мен абдырап қалдым, ештеңені ойлай алмадым: қыздарыма қоңырау шалуым керек еді. Қабырғалары, өкпелері зақымданған – ота жасау керек деді. Ата-анасы 5 миллион теңге берсе, арызын алып кетуге дайын" болды», деді зейнеткер.

Естігеніне есеңгіреп қалған әйел екі миллион ғана жинағы бар екенін айтқан.

"Мен оны орап алдым да, менде сөмке жоқ екенін айттым.Олар маған пакетке сала салыңыз деді. Ақшаны алып кетуге адам келді. Мен оған қызымның заттары, басқа ештеңе жоқ дедім. Бұл алаяқтарды "ізін суытпай" ұстады.Маған 2 миллионды қайтарып берді. Ақшаны ұстаған кезде мен сенбедім, тіпті байламды ашқым да келмеді. Бір жарым сағаттан соң полицейлер күдіктіні ұстады", деді алматылық зейнеткер.

"Киберполдың" мәліметінше, интернет алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.