Алматыда «Акварельді фреш» атты көрме өтеді

Алматыда «Акварельді фреш» атты көрме өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Суретшілер одағының 90 жылдығы

6 мамыр сағат 15.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ҚР Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған «Акварельді фреш» көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл - «Яблоневая палитра» қауымдастығының музеймен бірлесіп ұйымдастырып отырған екінші көркем көрмесі, оған Қазақстанның белгілі акварель суретшілері қатысады.

 Акварель бояуы – кескіндемедегі күрделі әдістердің бірі. Акварель минималды құралдар мен максималды мәнерлікті қолдана отырып, әлемді барлық түстерде, нәзік түрде көрсете алады. Бұл - жеңіл, қозғалмалы кескіндеме, ол ерекше шеберлік пен шыдамдылықты қажет етеді.

Акварель көрмелері Қазақстанда сирек ұйымдастырылады. Соңғы кездері акварель шығармашылығына тек суретшілер ғана емес, сонымен қатар келушілер де қызығушылық танытатынын байқауға болады. 

Қатысушылар қатарында белгілі суретшілер, қазақ өнерінің қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, Өнер академиясының академиктері, суретші-педагогтар: Тоққожа Кожағұлов, Асқар Бейшекеев, Асия Хайруллина, Лидия Дроздова, Марлан Нысанбаев, Максим Ведерников, Евгения Ведерникова, Александр Осипов, Канагат Кодеков, Кантарбаев Максат, Рашид Құлбатыров, Игорь Гущин, Попова Елена, Юрий Бурмистров, Дина Гаитова, Вера Малышева, Динара Мұратаева, Камилла Лаптева, Елдос Азаматұлы, Рауан Сүлейменов, Ольга Салькова,  Елена Панина, Ирина Киянова, Елена Бабич,  Юрий Харченко, Елизавета Антропова, Юлия Волошина, Жанара Перуджини, Марина Гречкина, Анна Христова, Салтанат Жапарова, Айгерим Орал, Сергей Бабяков, Бабабек Салауатов, Ирина Балан, Асель Қалиева, Арина Зырянова, Марина Ким, Александра Ефанова, Құралай Умбетова, Анастасия Минаева, Гүлсүм Тоқбаева, Гаухар Жүнісова, Анна Сербенко, Алтынай Шарипова, Елена Белова, Күмісай Шарипова, Галина Шепелева, Елена Абилева, Диана Шайхеслямова, тағы басқаларының 100-ден астам туындылары ұсынылады. 

Көрменің тұжырымдамасы келесі мақсаттарды көздейді: акварельдік кескіндеменің әртүрлі жанрлары мен стильдерінің тұтас спектрін көрсету; қазіргі заманғы дарынды акварельшілерді анықтау, олардың әдемі, көп еңбекті қажет ететін жұмыстарын қолдау және Қазақстанның әр өңірінен келген акварель суретшілерінің өнерін кеңінен насихаттау.

Биыл Қазақстан Республикасының Суретшілер одағы 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ал бүгінгі күн осындай акварельді көрменің ашылуымен есте қалатынымен қуантады. Сондай-ақ, экспозициялар акварельді өнер жанашырларының көңілдерінен шығатыны да сөзсіз.