Алматыда АҚШ доллары 476 теңгеден сатылып жатыр

Алматыда АҚШ доллары 476 теңгеден сатылып жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Доллар бағамы 3 теңгеге қымбаттады.

Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 04 теңге.

Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 470,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 474,5 теңге.
Ресей рублі 7,35 - 7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 7 қазан күні ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,77 теңге.