Алматыда АҚШ доллары 466,5 теңгеден сатылып жатыр

Алматыда АҚШ доллары 466,5 теңгеден сатылып жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Доллар 1, 39 теңгеге қымбаттады.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, 1 АҚШ доллары 1, 39 теңгеге қымбаттап, орташа бағамы 465, 58 теңге болды.

Ұлттық банктің 9 қарашадағы ресми құны – 1 долларға 464, 01 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 466,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 470 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша доллар бағасы 467, 2 теңге болса, сатып алу – 469 теңге.

Ресей рублі 7,31 - 7, 41 теңге аралығында саудаланып жатыр.