Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосы бойынша тексеру басталды

Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосы бойынша тексеру басталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы қаласы Полиция департаменті Бостандық ауданы Полиция басқармасының хабарлауынша, Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосы түсірілген жер анықталды.

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады»,-делінген хабарламада.