Алматыда әдеби форум өтеді

Алматыда әдеби форум өтеді
Сурет: Almatytv

Форумның басты мақсаты - жас ақын-жазушылардың шеберлігін шыңдау

Алматыда желтоқсан айының басында «Жастар туралы сөз, жастар сөйлейді» деп аталатын әдеби форум өтеді. Бұл туралы бүгін жазушылардың басқосуында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Іс-шараға еліміздің түкпір түкпірінен ақын жазушылар қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның басты мақсаты - жас ақын-жазушылардың шеберлігін шыңдау.      

«Қазақ әдебиетіндегі айтулы әдеби оқиға болмақ. Себебі бұл жерде ақын, жазушылар білмейтін жаңағы естісе де, оқып көрмеген көптеген басқа да дүниеге қанық болып кетеді», – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек.