Алматыда 8 наурызға арналған «Әлемнің жарығы...» концерті өтті

Алматыда 8 наурызға арналған «Әлемнің жарығы...» концерті өтті
Сурет: Aлматы әкімдігінің баспасөз қызметі

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Республика Сарайында «Әлемнің жарығы...» атты мерекелік концерт өтті.

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Нәзік жандылар үшін Алматы әкімдігі мюзикл элементтері бар мерекелік концерттік бағдарлама дайындады, онда актерлердің музыкасы, әндері, хореографиясы мен диалогтары біріктірілген. Концертті медицина және әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ерекше қажеттілігі бар балалардың аналары, оқуда, спортта және т.б. салада жетістіктерге жеткен балалардың аналары тамашалады. 

Мерекелік концертте Роза Рымбаева, Нұрлан Өнербаев, «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблі, Ғазизхан Шекербеков, Айбек Серікханов, Фархат Кубиев, Анна Сәдуақасова, Бақтияр Адамжан, Шұғыла Әдепхан, «Астана-Опера» балетінің жетекші солистері, Ерназар Жұбан, «Джулия» мюзикл артистері, Айқын Төлепберген, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері, Диана Макина, Андрей Трегубенко, Dinaya, «Сенім» балалар хоры және т.б. өнер көрсетті. 

Танымал артистердің орындауында әйелдерге, көктем мен махаббатқа арналған қазақстандық және шетелдік хиттер шырқалды.