Алматыда 703 науқас коронавирустан емделіп жатыр

Алматыда 703 науқас коронавирустан емделіп жатыр
Сурет: Vlast.kz

Ал 11 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, «30 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 305 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 282, симптомсыз – 23 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 59 , келіп түскені – 104. Инфекциялық стационарларда 703 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 53 бала емделіп жатыр».

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 54 адам жатыр. Ал 11 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 23 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1507 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар 1294 науқастың жағдайы орташа ауыр деңгейде, ал 213 адамда коронавирус белгілері жоқ.