Алматыда 7 500 орындық 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Алматыда 7 500 орындық 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Сурет: Inform.kz

Келесі жылға дейін 920 орындық 4 балабақша салу жоспарланып отыр.

Алматыда 7 500 орындық  5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы құрылыс басқармасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазірдің өзінде шаһарда әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, келесі жылға дейін 920 орындық 4 балабақша салу да жоспарда бар. Одан бөлек, мектеп пен мектепке дейінгі оқу нысандарында сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Оқу орындарының тапшылығы болғандықтан, 8  мектептің құрылысын бастағанбыз. Соның үшеуі 5100 орындық мектеп оқу жылының басында қолданысқа беріледі. Жылдың аяғына дейін 7500 орындық 5 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр», – деді құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Олжас Тәжібаев.