Алматыда 5 тонна алма ұсынылған жәрмеңке өтті

Алматыда 5 тонна алма ұсынылған жәрмеңке өтті
Cурет: Surak.baribar.kz

Жәрмеңке Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының алдында ұйымдастырылды.

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қарсаңында және Алматы қаласы күніне орай Alma Fest ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараға Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин, Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев және кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Айбол Өмірбеков қатысты.

Жәрмеңкеде ұсынылған алманың жалпы көлемі 5000 тоннадан асса, сондай-ақ, ет өнімдері, көкөністер, бал және тағы басқалар жәрмеңкенің сәнін кіргізді.

Естеріңізге сала кетсек, Alma Fest жәрмеңкесін ертең және демалыс күндері 25-26 қыркүйек аралығында Алтынсарин даңғылы, 22 мекенжайында өткізу жоспарлануда.