Алматыда 30 бала көкжөтелден емделіп жатыр

Алматыда  30 бала көкжөтелден емделіп жатыр
Сурет: интернеттен

Үш айда еліміз бойынша 432 балаға көкжөтел тиген.

Мамандардың айтуынша, олардың 400-ге жуығы 14 жасқа дейінгі балалар, ал оның 90%-ы бес жасқа толмағандар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мұны ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланыстырып отыр.

Вакцина алмаудың салдары да осы аурудың өршуіне себеп болып тұр. Дәрігерлер кішкентай науқастардың 80 пайызы уақытылы екпе салдырмағанын айтады.

Қазір Астанада - 126, Алматыда - 30 бала емделіп жатыр.

«Ауырған кезде де негізі жеңіл түрде өтеді. Пневмония, гипоксия, қатты жөтел ондай болмайды. Вакцинация бізде екі айдан басталады. Үш айда, төрт айда, одан кейін 18 айда вакцинация. Және 6 жаста соңғы ревакцинация болады», деді Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының департамент директоры Қанат Текебаев.