Алматыда 24-26 шілде аралығында жоғары өрт қаупі сақталады

Алматыда 24-26 шілде аралығында жоғары өрт қаупі сақталады
Сурет: Altaynews.kz

«Қазгидромет» мамандары  24-26 шілде аралығында Алматыда сынап бағанасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі деп болжауда. 

Күн қатты ыстық болу ықтималдығы жоғары. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада өрт қауіпі сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыған байланысты ведомство төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамаңыз;

- Бір желіге бірнеше электр құрылғыны қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін;

- Балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдыруға болмайды;

- Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз.

Өрт қауіпті кезеңде Алматы қаласы ТЖД алдын алу шараларын күшейтті.

«Таулы-орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында бекітілген патрульдеу кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндері орман шаруашылығы мекемелері мен ЖПҚ өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шара өткізеді», деп хабарлады департаменттен.