Білім саласы жыл соңына дейін толық қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етіледі

Білім саласы жыл соңына дейін толық  қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етіледі
Сурет: интернеттен

Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық 206 мемлекеттік мектепте, 8 интернатта және 193 мемлекеттік балабақшада қауіпсіздік жүйесін енгізу аяқталады.

Бұл туралы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Балалардың қауіпсіздігі-балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Сондықтан бұл жоба жалпы құны 7,6 млрд теңге болатын үш жылдық сервистік модель аясында қаржыландырылады", - деді ол.

Сондай-ақ, ол Алматыда алғаш рет 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 мектепте "Мектеп автобусы" жобасы іске асырылатынын атап өтті. Жергілікті бюджет есебінен 100 автобус 5,2 млрд. теңгеге сатып алынып, тасымалдау қызметтеріне 1,4 млрд. теңге бөлінді.

"2023 жылы жалпы қамту 7,7 мыңнан астам баланы құрайды. Біз бұл жобаны кеңейтуді жоспарлап отырмыз, келесі жылға 11 мектепке тағы 50 автобус сатып алуды жоспарлаудамыз", – деді қала басшысы.