Алматыда 2023 жылы екі электр қосалқы станциясы пайдалануға беріледі

Алматыда 2023 жылы екі электр қосалқы станциясы пайдалануға беріледі
Twitter

Алматыда болашақта оны теңгерімді дамыту үшін инженерлік инфрақұрылымды елеулі жаңғырту қажет. Мұны Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде атап өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

"2023 жылы 2 электр қосалқы станциясы пайдалануға беріледі: маусым айында - "Алмагүл", ал желтоқсанда - "Тұздыбастау". 400 мыңға жуық тұрғын тұрақты электрмен жабдықталады. Ал 300 мың тұтынушыны жылумен қамтамасыз ету мақсатында қыркүйек айында жалпы қуаты 155 Гкал/сағ болатын 2 қазандық – "Оңтүстік аудандық қазандық" және "Премьера" қазандықтарын реконструкциялау аяқталады", - деді Ерболат Досаев.