Алматыда 200-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Алматыда  200-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Сурет: Polisia.kz

Олардың дені отбасы-тұрмыстық қатынастарға қатысты.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасының төрт күнінің ішінде полицияның алдыңғы саптағы және жедел бөлімшелері “ізін суытпай” 82 қылмыстың бетін ашты, оның тоғызы қоғамдық орындарда жасалған, ал 39-ы бұрын жасалған қылмыс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қатар 7202 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Атап айтқанда: 184 ұсақ бұзақылық, 748 алкогольдік ішімдіктер ішу дерегі, 257 – тыныштықты бұзу, 238 кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ересек адамдардың еріп жүруінсіз жүруі, 1900 тіркеусіз тұру дерегі, 18 қасақана бөтен біреудің мүлкіне зиян келтіру, 867 қоғамдық пайдалану орындарын ластау дерегі және т.б. Сонымен қатар олар қала жолдарында мас күйінде ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қараша аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Ол вандализм деректерін, мүліктік залал келтіруді, ұсақ бұзақылықты, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.