Алматыда 20 жастағы тұрғыннан «синтетика» тәркіленді

Алматыда 20 жастағы тұрғыннан «синтетика» тәркіленді
Сурет: Polisia.kz

Полиция Түркістан облысының 20 жастағы тұрғынынан мефедронның ірі партиясын тәркіледі.

Есірткі сатушысын ұстау іс-шарасын Буран-050 патрульдік экипажаның көмегімен есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Күдікті Toyota Camry көлігімен жолаушы ретінде жүрген.

«Жеке тінту кезінде күдіктіден құрамында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ заты бар 25 бума тәркіленді. Ал көліктің ішіндегі орындық астынан осыған ұқсас 44 байлам табылды және тәркіленді. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама жүргізіліп, оның нәтижесінде бұның мефедрон есірткі заты екендігі анықталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.