Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ер Төстік» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімі өтті

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ер Төстік» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімі өтті
Сурет: Almaty-akshamy

Мақсат – жас ұрпақтың бойына патриотизм мен мейірімділік сезімін қалыптастыру.

Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының актерлері көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арнап өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

Спектакльді көрсетудегі негізгі мақсат – жас ұрпақтың бойына патриотизм мен мейірімділік сезімін қалыптастыру. 

«Ер Төстік» спектаклі қазақтың халық ертегісі негізінде қойылған. Оны қазақ тілінің поэтикасы мен құндылығына зор мән берген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов жазды.

«Ер Төстік» – қуыршақ театры репертуарындағы жаңа қойылымдардың бірі. Спектакльде ағаларын  зұлым айдаһардан құтқару үшін алыс сапарға шыққан жас сарбаздың оқиғасы баяндалады. Бұл жағдайда басты кейіпкер жақсылыққа, әділеттілікке сенеді және өз мақсаттарынан бас тартпайды.

Айта кетсек, Алматы мемлекеттік қуыршақ театрына кіру Ashyq жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін цирк қызметкеріне мәртебесін растайтын Ashyq қосымшасы орнатылған билетті және мобильді құрылғыны ұсыну қажет. Мобильді құрылғы болмаған жағдайда, театр қызметкеріне ЖСН нөмірін айту қажет.