Алматы әкімі рәміздер күнімен құттықтады

Алматы әкімі рәміздер күнімен құттықтады
Сурет: Ukmed.kz

4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Осыған орай, бүгін  қала тұрғындарын Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Бақытжан Сағынтаев «Алматылықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Көк байрағымыз желбіреп, Елтаңба асыл мұрамызды еске салып, әнұранымыз асқақтай берсін! Мереке құтты болсын!», -деген жазба жариялады өзінің Twitter-дегі парақшасында.

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.