Алматы әкімі Франция елшісімен кездесті

Алматы әкімі Франция елшісімен кездесті
Сурет: Vecher.kz

Бұл туралы шаһар басшысы әлеуметтік желіде жазды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Францияның Қазақстандағы  Төтенше және өкілетті елшісі Д.Канесспен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Францияның Қазақстандағы  Төтенше және өкілетті елшісі Д.Канесспен  кездестім. Алматы мен Франция қалаларының арасындағы экономика, денсаулық сақтау, көлік және логистика, туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқыладық», – деп жазды шаһар басшысы Twitter-дегі парақшасына.