Алматы қаласының әкімі тұрғындар сауалына жауап береді

Алматы қаласының әкімі тұрғындар сауалына жауап береді
Сурет: Almaty.tv

Бұл жүздесу бүгін сағат 19.00-де тікелей эфирде өтеді.


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Almaty TV арнасының тікелей эфирінде қаланың эпидахуалы жөнінде баяндап, тұрғындардың сауалына жауап береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қала тұрғындары көкейіндегі сұрақтарын 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жіберуіне болады, сондай-ақ Almaty.tv арнасының Instagram, YouTube, Facebook парақшасына да пікір, сұрақтарын жазып қалдыруына болады. 
Ал тікелей эфирге +7 (727)- 275-01- 02, +7 (727)-275-22-16  нөмірлері арқылы хабарласу мүмкіндігі бар.