Алматы қаласының бүгінгі эпидахуалы қандай?

Алматы қаласының бүгінгі эпидахуалы қандай?
Сурет: Ostrov.press

Алматы қаласы бойынша соңғы 5 тәулік ішінде 110 жағдайдан тәулігіне 217 жағдайға дейін өсті.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, Алматы қаласындағы жалпы республика бойынша мутацияланған штамдардың таралуына байланысты күрделі эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы жылдың 26 маусымында коронавирустық инфекция ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 4 өңір "қызыл" аймаққа кірді. Олар - Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы.

Соңғы екі аптада бетперде мен қашықтық режимдердің сақталмауы, халықтың вакцинаға қарсылығы салдарынан R санының (жұқтыру көрсеткіші) 0,7-ден 1,197-ге дейін өсуі байқалды. Осы жағдайға байланысты Алматы қаласының Бас мемлекеттік дәрігерінің шектеу іс-шараларын күшейту туралы қаулысы дайындалды.

COVID-19 ауруының жоғарылауы жаңа "Дельта" штамының пайда болуына, инфекцияның жоғары деңгейіне әрі тез таралуына байланысты.

20 маусымнан бастап зерттеуге жеткізілген 133 сынаманың 125-сі анықталды. Мысалы, 77 сынамада (62%) - британдық штамм, 45-те (36%) үнді штаммы, бұл ретте 44 жағдайда соңғы үш тәулік ішінде, 2-уінде оңтүстікафрикалық, 1-уінде нью-йорктық.

Осыған байланысты, қала тұрғындарына бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау, халық көп жиналатын орындар мен бұқаралық іс-шараларға барудан бас тарту, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинадан өту қажеттілігі туралы тағы да ескертеміз.