Алматы қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы өмірден өтті

Алматы қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы өмірден өтті
сурет: Kalamendala.kz

73 жасында Әли Аманбаев өмірден озды.

Алматы қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Әли Аманбаев 73 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әли Аманбаев 1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1990 жылдан бастап Алматы қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы болып жұмыс істеген.
2009 жылы Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы болған.
«Almaty-akshamy.kz» ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтады.