Алматы тұрғыны қала шетінде жабайы шошқа асыраған

Алматы тұрғыны қала шетінде жабайы шошқа асыраған
Polisia.kz.

Тұрғын Алматының шетіндегі үйлердің бірінде жабайы шошқаны асыраған, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Бұл фактіні табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мақсатты іс-шара жүргізу барысында анықтады. Мал “Ақсай медик” бағбандық қоғамының үйлерінің бірінде ұсталған.

– Естеріңізге сала кетейін, Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, браконьерлік, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымы фактілерін, сондай-ақ, экологиялық қылмыстарды ашу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында жалпы республикалық “Браконьер” жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара шеңберінде ЭҚМБ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп жедел-іздестіру топтары құрылды. Бұл жағдайда 1951 жылы туған М.есімді азамат ҚР ӘҚбК-нің 389-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Аталған өндіріс материалдары сот құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.