Алматы тұрғыны жаңа туған сәбиі мен әйелін перзентханадан жүк көлігімен күтіп алды

Алматы тұрғыны жаңа туған сәбиі мен әйелін перзентханадан жүк көлігімен күтіп алды
Сурет: Inform.kz

Алматы тұрғыны әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алу үшін бес «Камазбен» келді

Бүгін Алматының №4-ші перзентхана қызметкерлері ерекше көріністің куәсі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ер адам әйелі мен ұлын бес «Камаз» автокөлігімен алып кетуге келді. Гүлмира Батырбай 27 наурызда дүниеге ұл алып келді. Оның салмағы - 3 келі 900 грамм, бойы - 55 см.