Алматы тұрғындарына ауыз су мен құрма таратылды

Алматы тұрғындарына ауыз су мен құрма таратылды
Сурет: Massaget.kz

Рамазан айында бұл сауапты істі атқарған – мешіт қызметкерлері.

Олар 100 мың кісіге арналған ауыз су мен құрма салынған қорап таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz алматы арнасына сілтеме жасап.

Алматыдағы мешіт қызметкерлері Рамазанның бірінші күнінен-ақ жұртты сауапты іске жұмылдырды. Қалалық бас имам бастаған жамағат 100 мың кісіге арналған ауыз су мен құрма салынған қораптар дайындап, оны тұрғындарға таратты.

Осылайша Ораза айы ерекше жақсылықпен басталды. Төлеби Оспанның айтуынша, сауапты іс мұнымен тоқтап қалмайды. Ай біткенше мешіт төңірегінде діни шаралар ұйымдастырылмақ.

«Бұл енді басы ғана. Ал енді күнделікті 500 кісіге, мешіттердің сыйымдылығына қарай, ауызашар дастархандар ұйымдастырылады.  Бірінші күн болғандықтан, көпшілікпен Рамазанның қуанышын бөлісу мақсатында осы суды ұсынып, дайындап отырмыз. Дайындаудың өзіне 1 ай кетті», –  деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.