Түркия маска кию режимін алып тастады

Түркия маска кию режимін алып тастады
Сурет: Elorda.info

Сонымен қатар клиникалық белгілері жоқ адамдарға ПТР тестін тапсыру талабын жойды.

Түркия билігі ашық ауада және желдетуі іске қосылған жабық жерлерде маска кию туралы міндетті талаптарды алып тастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Екі оқушыда коронавирустық инфекция анықталған жағдайда, мектеп сыныптарының міндетті түрде жабылуы да тоқтатылады. Ел билігі қарт адамдармен және созылмалы аурулары бар адамдармен қарым-қатынас кезінде маска режимін сақтауды ұсынады.