Алматы-Талдықорған бағытында келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып, бір адам мерт болды

Алматы-Талдықорған бағытында келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып, бір адам мерт болды
Сурет: Tengrinews.kz

Көлік апаты Алматы-Өскемен тас жолының 396-шы шақырымында болған.

Алдын ала болжам бойынша, «Setra» автобусының 50 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Көлік Зайсан қаласынан Алматыға қарай келе жатқан.

Оқиға орнында 66 жастағы әйел мерт болды, тағы үш адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Жарақат алғандардың ішінде 7 жасар қыз бала бар.