Алматы полициясы байкерлерге қатысты іс-шаралар жүргізуде

Алматы полициясы байкерлерге қатысты іс-шаралар жүргізуде
Cурет: Ашық дереккөз

Жол жүру Ережесін бұзған 327 мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тиісті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 8 маусымы мен 12 маусым аралығында мотоцикл жүргізушілерінің ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау үшін қала жолдарында рейдтік іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Жыл басынан бері жол жүру Ережесін бұзған 327 мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл көлік түрін басқаратын кейбір азаматтар өрескел бұзушылықтарға жол беріп, апаттық жағдай туғызатыны жасырын емес. Мұндай қылмыстық абайсыздық жиі ауыр зардаптары бар  апатқа әкеп соғады», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Ұзабаев.

 Спикер, азаматтардың мотоцикл жүргізушілерінің агрессивті жүргізуіне жиі шағымданатынына назар аударды.  Осыған орай, тыныштықты бұзу деректерін алдын алу мақсатында рейдтер түнгі уақытта жүргізілуде.