Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған алаяқты ұстады

Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған алаяқты ұстады
Сурет: Polisia.kz

37 жастағы ер адам төмендетілген бағамен баспана алу қызметін ұсынған.

Анықталғандай, оған сенгендер аз болмаған көрінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Алдын ала төлем сомасы “қызметіне” байланысты өзгеріп отырды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 48 миллион теңгені құрайды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айтпақшы, бұған дейін ер адам осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.