Полиция жеңіл жүрісті қыздарды құрықтады

Полиция жеңіл жүрісті қыздарды құрықтады
Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтарын ұстады

Полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңіл жүрісті қыздарды анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қонақ үй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында Өзбекстанның екі азаматы бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылды. Сонымен қатар ғимарат иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша материал жиналды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Естеріңізге сала кетейік, 20-30 қараша аралығында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейту және көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада кең ауқымды “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы өтті.