Алматы-Өскемен тасжолында көлік аударылды

Алматы-Өскемен тасжолында көлік аударылды
Сурет: Egemen.kz

 Жолда келе жатқан Toyota Camry автокөлігі аударылып кетті.

Жетісу облысының Ескелді ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқиға орнында түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіде тарады.

«Көлікті 40 жастағы ер адам басқарған, ол Алматы-Өскемен трассасының 244 шақырымында көлікті басқара алмай, аударылып қалуына жол берген», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департамент қызметкерлері апат салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Жүргізуші  ауруханаға жатудан бас тартты.