Алматы онкологиялық орталығы Ашық есік күнін өткізеді

Алматы онкологиялық орталығы Ашық есік күнін өткізеді
Сурет: Chemoteka.com.ua

Бұл шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. 

Іс-шара 12 маусымда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Алматы тұрғындары жетекші мамандардан тексеруден өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қатерлі ісікпен күресу - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан Ашық есік күнін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Тексерілуге ниет білдірушілер Алматы қаласы, Папанин к-сі, 220, А литері, 1-қабат мекенжайы бойынша "Алматы онкологиялық орталығы" ШЖҚ КМК-ға келуі тиіс.

Қала тұрғындары онкомаммологтан, онкогинекологтан, онкоуролог пен онкохирургтан тегін кеңес алады.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы біле аласыз:

 7 (727) 312-24-74, 300-37-44

БАҚ үшін Байланыс ақпараты:

Набира PR-менеджер

8-747-659-77-80