Алматы облысының полицейлері іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

Алматы облысының полицейлері іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады
Сурет: Polisia.kz

Ұсталған адам – Өзбекстан Республикасы Наманган қаласының 54 жастағы тумасы.

Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабының 4-бөлігі бойынша ауыр қылмыс жасағаны, яғни алаяқтық үшін Өзбекстан еліндегі әріптестермен іздеу салынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Айта кету керек, Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көрші елдің құқық қорғау органдары іздеген 1969 жылғы азаматты ұстады. Қазіргі уақытта іздеудегі адам өз елінің құқық қорғау органдарына табысталғанға дейін Қарасай аудандық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.