Алматыда ҚАЖД теологтары арасында дөңгелек үстел өткізілді

Алматыда ҚАЖД теологтары арасында дөңгелек үстел өткізілді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде деструктивті дін ағымдарды ұстанған сотталғандар да әртүрлі қылмыстары үшін жазаларын өтеп жатыр.

Оларды дерадикалдандыру бойынша мекемелерде жүйелі жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жұмысқа мекеме теологтарымен қатар дін істері басқармалары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері де атсалысып жатыр. ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының талаптарын жүзеге асыру мақсатында аталған департаментке қарасты №11, №13 және №72 мекемелердегі теолог мамандар арасында “Сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстарын сапалы жүргізу” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша “AQNIET” ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы” қоғамдық қорының аймақтық басшысы Ж.Маткаримов жетекшілік етіп, сотталғандар арасында теологиялық жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдеріне тоқталды. Сондай-ақ теолог мамандар Р.Молдахметов пен М.Тұрапбай да діни теріс ағымның зияны мен одан сақтанудың жолдарын, сотталғандармен теологоиялық жұмыс жүргізудің маңызы жайлы келелі әңгіме өткізді. Дөңгелек үстел басындағы әңгіме кезінде мекемелердің теологтары да сотталғандармен жұмыс істеудің күрделі мәселелерін шешудің жолдары жайлы өз пікірлерін ортаға салды.