Алматы облысының кейбір ауылдары жарықсыз қалды

Алматы облысының кейбір ауылдары жарықсыз қалды
Сурет ашық дерек көзінен алынды
2024 жылы 14 наурызда кешкі 18-00-ден бастап  Алматы облысының кейбір ауылдары жарықсыз қалды. Аталған жайтқа қатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Ауа райының нашарлауына байланысты кейбір елдімекендерде электр қуаты жаппай сөніп қалды. Басқарма қалпына келтіру жұмыстарына мониторинг және бақылау жүргізуде. Кейбір аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктерінде кезекшіліктер ұйымдастырылды. Ал "АЖК" АҚ энергия тасымалдаушы ұйымының барлық авариялық-қалпына келтіру бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта "АЖК"АҚ күшімен авариялық ажыратуларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ облыс әкімдігі жағдай бақылауда екенін, елдімекендерге жарық беріле бастағанын айтты.