Алматы облысындағы №57 мекеменің ҚАЖ қызметкерлері донор болды

Алматы облысындағы №57 мекеменің ҚАЖ қызметкерлері донор болды
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты № 57 мекеме қызметкерлері донор болып қан тапсырды.

«Қан тапсырды – өмірді құтқарды» қайырымдылық акциясына Алматы облысы ҚАЖД қызметкерлері кезекті рет тағы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуетті донорлардың жалпы денсаулық жағдайын тексергеннен кейін, Қонаев қалалық ауруханасы 10-ға жуық ҚАЖ қызметкеріне қан тапсыруға рұқсат берді. Өзгеге өнеге көрсеткен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қан донорларының қатарына мүмкіндігінше көп азаматтарды тартқысы келеді.

«ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысы – өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мамандық, сондықтан погондағы адамдар, донорлықтың қажеттілігін жақсы түсінеді», – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.