Алматы облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Алматы облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Сурет: Egemen.kz

Кредит сомасы - 10 000 000 теңге, мерзімі 19 жыл 

Алматы облысының әкімдігі "Отбасы Банк" АҚ желісі арқылы Алматы облысының жас мамандарын жеңілдікпен кредиттеуге қатысуға құжаттарды  қабылдаудың басталғанын хабарлады. Құжат қабылдау 1 желтоқсанға дейін жалғасады, деп жазады Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Кредит сомасы - 10 000 000 (он миллион) теңге дейін, жаңа тұрғын үй болса бастапқы жарна 0%, қайталама нарықтағы тұрғын үйге және жер үй үшін 10%, жеткілікті кепілдік шартымен. Пайыздық мөлшерле - жылдық 5% - ға дейін, қарыз мерзімі -19 жылға дейін. Сатып алынатын тұрғын үй – Алматы облысы аумағында болуы тиіс.

Сатып алынатын тұрғын үйдің құнына қатысты шектеу жоқ. Тек ипотека аясында жетпеген соманы қарыз алушы өзі төлейді.

Бұған дейін хабарланғандай Алматы облысының әкімдігі Отбасы Банк-пен бірлесіп,  жас мамандарға арналған "Алатау жастары" тұрғын үй бағдарламасын қолға алған болатын.