Алматы облысында жасырын сақталған қару-жарақ табылды

Алматы облысында жасырын сақталған қару-жарақ табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Талғар ауданының аумағында қару сақталған орын табылды

Алматы облысында жасырын сақталған қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

9 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Талғар ауданының аумағында қару сақталған орын табылды. Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Тексеру барысында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 5.6 калибрлі қолдан жасалған мылтық, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, Калашников автоматы мен жауынгерлік және жарық-шулы гранатасы тәркіленді.

Тергеу шаралары жүріп жатыр.