Алматы облысында мектеп оқушысының аяғын көлік басып кетті

Алматы облысында мектеп оқушысының аяғын көлік басып кетті
Сурет: Turkystan.kz

Алматы облысының Алмалыбақ ауылында мектеп оқушысының аяғын жеңіл көлік басып кетті. 

Алмалыбақ ауылындағы мектеп алдында оқушыны көлік қақты деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Желіде сондай-ақ ауыл тұрғындары бұған дейін мектептің алды қараңғы екеніне бірнеше рет шағымданғаны жазылған.

Атамлыш оқиғаға қатысты желіде Алмалыбақ орта меткеп гимназиясы жазба қалдырды.

«20 қараша, сағат 17.30 шамасында мектеп алдында 5 „Г“ сынып оқушысының аяғын жеңіл автокөлік басып кеткен. Оқиға болған уақытта дереу жедел-жәрдем шақырылып, оқушының ата-анасы бірден хабардар етілді. Келген жедел-жәрдем қызметкерлері оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Қарасай аудандық орталық ауруханасына алып кетті», — деп хабарлады Алмалыбақ орта меткеп гимназиясы.